Search En menu en EIB GROUP CLIENT PORTAL
Search
Results
Top 5 search results See all results Advanced search
Top searches
Most visited pages

Қазақстан қуат үнемдейтін тұрғын үйлер үшін Еуропалық инвестициялық банктің жаһандық бөлімшесі (EIB Global) тарапынан қолдау алады

29 May 2025
EIB
  • EIB Global және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ елде үнемді тұрғын үйлер құрылысын дамыту жөнінде келісімге қол қойды.
  • Осы келісім бірінші ЕО–Орта Азия саммитінен кейін жасалды.
  • Сонымен қатар, Компанияға бірлескен ЕИБ және GIZ бастамасы – FELICITY II шеңберіндегі техникалық көмек көрсетілетін болады.

Еуропалық инвестициялық банктің даму жөніндегі құрылымдық бөлімшесі (EIB Global) және үкіметтік  «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Қазақстанда қуат үнемдейтін және орнықты тұрғын үйлердің санын арттыру мақсатында күш біріктіруде.

ЕИБ вице-президенті Кириакос Какурис және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алтай Күздібаев бүгін Қазақстан елордасы Астанада қуат үнемдейтін тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

“Біз «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін боламыз және қуат үнемділігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін тұрғын үй салу жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін зерделейтін боламыз ,” деді ЕИБ вице-президенті Кириакос Какурис. “Бұл келісім – Еуропалық Одақтың және банктің Орта Азиямен стратегиялық серіктестігікті тереңдету бойынша өз міндеттемелерін орындауының жарқын көрінісі. Осыған ұқсас бастамалар арқылы аймақтың орнықты болашағына үлес қосу біздің басты басымдықтарымыздың бірі.”

Бұл жаңа келісім – ЕИБ және Германиялық даму агенттігі Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) бірлесе отырып жүзеге асырып жатқан FELICITY II Қалаларға кеңес беру тетігінің құрамдас бөлігі. Бұл бастамаға Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде төмен көміртекті инвестицияларды қолдау мақсатында Германияның Экономика және климаттық әрекет жөніндегі федералдық министрлігінің Халықаралық климаттық бастамасы (IKI) тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.

“Өмір сапасын жақсарту және заманауи, жайлы қалалық ортаны құру – Қазақстан Тұрғын үй компаниясының басты басымдықтары. EIB Global-пен меморандумға қол қою – ұлттық басымдықтармен және жаһандық климаттық сын-қатерлермен үйлесетін ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастық бастамаларын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл серіктестік Қазақстанда тұрғын үй салудың жаңа стандартының қалыптасуына, сондай-ақ орнықты және қуат үнемдейтін тұрғын үй салу жобаларының іске асырылуына оң ықпал ететініне сенімдіміз,” деді «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алтай Күздібаев.

2025 жылғы сәуір айында болып өткен бірінші ЕО-Орта Азия саммитінде осы Өзара түсіністік жөніндегі меморандумның жасалуына негіз болды, сол кезде үкімет басшылары екі аймақ арасындағы байланыстарды нығайту жөнінде уағдаласқан болатын. Саммит барысында EIB Global Орта Азияда орнықты дамуға бағытталған стратегиялық инвестицияларын ұлғайту жоспарын жариялады.

Бүгінгі Астанада өткен қол қою рәсіміне қатысқан GIZ ұйымы Германиялық Энергетикалық Агенттігімен (dena) бірлесе отырып, FELICITY II шеңберінде Қазақстан Тұрғын үй компаниясына техникалық көмек ұсынатын болады.

ЕИБ пен Қазақстан Тұрғын үй компаниясының ынтымақтастығы елдегі энергия тұтынудың үштен бірін құрайтын құрылыс саласын төмен көміртекті бағытта трансформациялауды жеделдетуге нақты мүмкіндік береді,” деді GIZ Жоба директоры Андре Фабиан (André Fabian). “Сонымен қатар, бұл қуат үнемдейтін құрылыс нарығын дамытуға серпін беріп, инновациялық технологиялар мен қызметтерді пайдалануды ынталандырады.” Қол қою рәсімі жаһандық диалогты ілгерілететін және үкіметтер, халықаралық ұйымдар, компаниялар мен білім беру мекемелерінің көшбасшыларын тартатын жыл сайынғы іс-шара – Астана Халықаралық Форумы аясында өтті." Форум барысында ЕИБ вице-президенті Кириакос Какурис су қауіпсіздігі, жаһандық сауда және климаттық әрекеттерге арналған панельдік талқылауларға қатысты.

Жалпы ақпарат

Еуропалық инвестициялық банктің жаһандық бөлімшесі (EIB Global) туралы

Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) – Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің меншігіндегі ұзақ мерзімді несие беру ұйымы. Бұл ұйым ЕО-ның саяси мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған инвестицияларды қаржыландырады.

Еуропалық инвестициялық банктің жаһандық бөлімшесі (EIB Global) – ЕИБ тобының халықаралық серіктестік пен даму қаржыландыруының тиімділігін арттыру мақсатында құрылған мамандандырылған құрылымы, және Global Gateway бастамасының басты серіктесі. Осы құрылым инвестиция көлемін 2027 жылдың соңына дейін €100 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отыр, бұл көрсеткіш аталған ЕО бастамасының жалпы мақсатты көлемінің үштен бірін құрайды. Team Europe бастамасы аясында EIB Global даму қаржыландыру ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, мазмұнды және нақты бағытталған серіктестіктерді дамытуға күш салады. EIB Global  шар тараптағы кеңселері  арқылы ЕИБ тобын адамдарға, компанияларға және ұйымдарға жақындата түседі.

Баспасөзде пайдалануға арналған ЕИБ штаб-пәтерінің фотосуреттерін мұнда алуға болады.

Contact

Begum Iman

Reference

2025-226-KK